Fitch халықаралық
рейтинг агенттігі Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингін «BBB» (трипл Би) деңгейінде растады. Болжам – «Тұрақты». Есепте сарапшылар негізгі
оң факторларды - күшті фискалдық
және сыртқы теңгерімдерді атап өтті. Олар
сыртқы әсерлерге төзімділігін
дәлелдеп отыр. Бұған Ұлттық қордың валюталық активтері мен
Ұлттық Банктің алтын-валюта резервтерін, мемлекеттік қарыздың төмен деңгейін,
қаржыландырудағы икемділікті, тұрақты экономикалық өсуді және қалыпты геосаяси
тәуекелдерді қосқан. Мұнай секторына ерекше көңіл бөлініп отыр. Болжам
бойынша, Теңіз кен орнының жобасын кеңейту есебінен «қара алтын» өндірісінің
өсуі мұнайдың әлемдік бағасының төмендеуінің әсеріне ықпал етеді. Сондай-ақ, Fitch сарапшылары оң тенденциялар арасына
Салық кодексін реформалау да бар дейді. Бұл келешекте бюджет тапшылығын
азайтуға ықпал етеді. Шикізаттық емес сектордың бюджет және квази-бюджеттік
тетіктер арқылы экономикаға қосқан үлесі де ерекше атап өтіледі. Бұдан басқа,
агенттік өкілдері АҚШ-тың 25 пайыздық тарифтерді енгізуі Қазақстанның жалпы
ішкі өніміне елеулі әсер етпейтіндігін айтып отыр. Бұл елдің сыртқы
саудасындағы аса үлкен емес үлесіне байланысты.

