15 наурызда жаңа Конституция бойынша республикалық референдумды 359 шетелдік бақылаушы қадағалайды. Бұл 38 мемлекет пен 11 халықаралық ұйымның өкілдері. Оның ішінде ТМД, Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы, Шанхай Ынтымақтастық ұйымы, Ислам ынтымақтастық ұйымы, Түркі мемлекеттері ұйымы және басқа да бақылаушылар миссиялары бар. Орталық референдум комиссиясының хабарлауынша, халықаралық байқаушыларды тіркеу аяқталды. Республиканың Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровтың айтуынша, аккредиттеу еліміздің Сыртқы істер министрлігінің ұсыныстары негізінде жүргізілді. Байқаушылар дауыс беру барысына мониторинг жүргізеді, сондай-ақ референдум өткізілетін күні белгіленген рәсімдердің сақталуын қадағалайтын болады.
Нұрлан Әбдіров, ҚР Орталық референдум комиссиясының төрағасы:
- Референдум өткізу кезінде 15 мемлекеттің орталық сайлау
органдарының өкілдері, соның ішінде Әзірбайжан, Албания, Армения, Қырғызстан,
Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркиядан сайлау комиссияларының төрағалары
қатысады.

