Астанада ірі халықаралық автокөрме өтіп жатыр. Онда әлемнің 20 елінен 500-ге жуық компания өз өнімдерін ұсынуда. Көрме павильондарында – көліктің қосалқы бөлшектері мен қондырғылар, электрокарлар мен тюнинг жасалған темір тұлпарлар бар. Сарапшылардың айтуынша, бұндай шаралар тек қазақстандық автомобиль өндірісін дамытуға ғана емес, туристік индустрияға да аса қажет. Автокөрме жүріп жатқан кезде Қазақстан астанасына 15 мыңға жуық шетелдік қонақ келеді деп күтілуде. Осы тұрғыдан алғанда елімізде бұдан арғы да дамуға әлеует жеткілікті дейді мамандар.
Ержан Еркінбаев, ҚР Туризм және спорт вице-министрі:
–Астана қаласын біз 2019 жылдан бері іскерлік туризм орталығы ретінде дамытып келеміз. Бұл жерде жоғары деңгейлі түрлі форумдар, бизнес-кездесулер мен түрлі шаралар өткізіледі. Ең бастысы, мемлекет басшылары осында бас қосады. Бизнес-туризм біздің экономикаға қандай пайда әкеледі деген сұраққа жауап іздесек, бизнес-туризм елімізге келген кезде, орта есеппен алғанда 1400-1500 мың доллар ақша жаратады. Бұл дегеніміз-осы жолы тек алыс шетелден 3 мың турист келсе, олар Астана қаласының экономикасына бірнеше миллион доллар табыс әкелді деген сөз.
Евгений Сергеев, «Автокомпания көрме» жобасының директоры:
- Орталық Азия – бұл жаңа тренд. Себебі, әлемнің түкпір-түкпірінен көптеген
компаниялар осында келуде. Бұл нарық жоғары қарқынмен дамып келеді. Біз оларға
нарқымызбен танысуға мүмкіндік береміз, әрі жергілікті компанияларды әлемдік
брендтермен ынтымақтастық орнатуына да жағдай жасаймыз. Бұл нетворкингқа және
жаңа өнімді ұсынуға керемет мүмкіндік сыйлайды.