Қазақстанда «Батырларға тағзым» веб-порталы іске қосылды

Қазақстанда «Батырларға тағзым» веб-порталы іске қосылды

Қазақстандық майдангерлерге қатысты мәліметтерді енді бір жерден электронды нұсқада табуға болады. Елімізде мыңдаған жауынгердің тағдыры мен тарихын біріктіретін «Батырларға тағзым» атты веб-портал іске қосылды. Бүгінде сандық тұғырнамаға 678 мыңнан астам майдангердің құжаттары, жазған хаттары мен фотолары жүктелген. Оның ішінде 365 Кеңес Одағының Батыры және 19 Даңқ ордені иегерлерінің мәліметтері енгізілген. Бұл деректер қорын қазақстандықтар да толықтыра алады. Өтініштерді арнайы комиссиясы қарайды. Жоба авторлары күніне соғысқа қатысқан отандық жауынгерлер туралы жүзден астам анкета түсіп жатыр деп отыр. 

Сағила Нұрланова, ҚР Ұлттық архивінің директоры: 

- Ресейдегі «Память народа» деген портал бар. Біз онда ресми хат жолдадық. Олардың рұқсатымен сол жердегі түгел қазақстандықтардың мәліметін алдағы уақытта осы өзіміздің порталға жүктейтін боламыз. Бұл жүйелі түрдегі жұмыс болады. Біздің архивте кол орталық бар. Бір бөлім толығымен осы порталмен айналысады. Күнделікті түсіп жатқан қоңрау соғу арқылы түсіп жатқан сұрақтарға жауап беріп жатырмыз. Барлық қазақстандықтарға нұсқамалық көмек көрсетіп жатырмыз. 

Сондай-ақ, порталда концлагерлерде қалған қазақстандық жауынгерлер туралы да мәліметтер жарияланады. Бүгінде олардың тізімі жасақталып жатыр. Әзірге тұтқында болған 6 мыңнан астам майдангерге қатысты деректер жинақталған. Мәселен Қанат Сүйіндіков әкесінің ұрыс даласында, тұтқынында жазған қойын дәптерін Ұлттық архивке табыстады. Онда күнделікті әскери шежіре ғана емес, соғыстан кейінгі өмір туралы да біраз мәлімет сақталған.  

Қанат Сүйіндіков, Майдангердің ұлы: 

- Жазбаларын оқып кітап ретінде шығардық. Бұл күнделікте әкемнің Австриядан бастап, Магадан, Аягөзге қайтып келгенге дейін жазған әңгімелері. Бұл енді ана жерде қиыншылық көрді, қалай тұтқынға түсті, қай жылдары қай жерде болды, қай мемлекеттерде лагерлерде болды, қалай босатты, кейіннен Австриядағы департационный лагердегі көп әңгімесі бар ішінде. Айтайын дегенім әр сөзінің артында ұрпаққа үлгі болар көп әңгіме бар. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?