ЕО-Қазақстан: Ынтымақтастық

ЕО-Қазақстан: Ынтымақтастық

Қазақстанның көліктік-логистикалық әлеуеті зор. Бұл ел Еуропа мен Азия арасындағы транзиттік дәліздердің тоғысқан жеріндегі негізгі хабқа айналуы мүмкін дейді сарапшылар. Атап айтқанда, ЕО-ның «Global Gateway» стратегиясын Транскаспий халықаралық көлік бағытымен біріктіру арқылы жаңа мүмкіндіктер ашылуда.

Петер Стано, Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Еуропалық комиссияның баспасөз хатшысы:  
- Global Gateway жобасы барлығына ашық. Ол ең алдымен елдердің заманауи инфрақұрылымға деген сұранысын қанағаттандырып, әлемдік нарыққа шығуға мүмкіндік береді. Жоба өзара тиімділікке бағытталған. Сондықтан Қазақстан Global Gateway-ге қатысуға мүдделі. Қазақстан ЕО үшін маңызды, себебі ол – энергия ресурстарының ең ірі жеткізушісі. Сондай-ақ, энергия көздерін әртараптандыруға ықпал етеді. Қазақстан географиялық орналасуына байланысты орасан зор әлеуетке ие және біз үшін маңызды рөл атқарады.

Біздің еліміз Еуропалық Одақтың атом өнеркәсібінде ең ірі жеткізуші болып табылады. Мұнай мен уран экспорты маңызды рөл атқарады және континенттің энергетикалық ресурстарын әртараптандыруға оң әсер етеді, дейді дипломаттар. Сонымен бірге «жасыл» технологиялар мен баламалы энергетиканы дамыту саласында Еуропа елдерімен өзара іс-қимыл кеңейіп келеді. Одақ еліміздің жасыл экономикаға көшуін жеделдету бойынша жобаларды бірлесіп жүзеге асыруға дайын. Бұл саладағы ынтымақтастық тек қана кеңейіп, тереңдей түседі, деп атап өтті Қазақстандағы Еуропалық Одақтың Елшісі Кестутис Янкаускас.

Кестутис Янкаускас, Қазақстандағы ЕО елшісі:
- Ең алдымен жаңартылатын энергия көздері туралы айтқым келеді. Қазақстанның оларды белсендірек пайдалану мүмкіндігі бар. Жел мен күннен қуат өндіруде Қазақстан көшбасшы атана  алады. Бір жыл бұрын неміс-шведтік «Svevind» компаниясымен келісімге қол қойдық. Ол Маңғыстау облысында ірі инвестициялық жобаны жүзеге асыруда. Компания жасыл энергия мен сутегін өндіретін әлемдегі ең ірі зауыттардың бірі. Сондай-ақ энергия тиімділігін арттыру бағытында да ауқымды жұмыстар атқарылмақ. Бүгінде бұл салада бірнеше жобамыз бар.