Үкімет басшысы Ибрахим Раисиге Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сәлемін жеткізіп, қос тарап арасындағы қарым-қатынасты дамыту мәселесі еліміздің күн тәртібінде ерекше орын алатынын атап өтті. Екі ел сауда-экономикалық, инвестициялық және шекара маңы ынтымақтастығын дамытудағы өзекті мәселелерді, сондай-ақ, мәдени-гуманитарлық бағыттағы ортақ бастамаларды жүзеге асыру жайын талқылады. Мәселен, биыл Иран астанасында ауыл шаруашылығы бойынша Қазақстан-Иран жұмыс тобының бірінші отырысын өткізу жоспарланған. Бұл екі ел арасындағы агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ынтымақтастықты дамытуға қосымша серпін бермек. Сонымен қатар сауда бағытындағы жұмысты күшейту мақсатында Қазақстанның Ирандағы арнайы сауда өкілін тағайындау туралы шешім қабылданды.