Қазақстан БАӘ-мен көпжақты ынтымақтастықты дамытуға ерекше мән береді. Бұл туралы Мемлекет басшысы федеративті мемлекеттің Қазақстандағы елшісі Мұхаммед Саид Мұхаммед әл-Арикимен кездесуінде мәлімдеді. Тараптар бұған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген сауда-экономика және инвестиция салаларындағы уағдаластықтарды жүзеге асыру барысын талқылады. Сондай-ақ6 Қазақстан мен БАӘ арасындағы стратегиялық инвестициялық жобалар туралы бірлескен декларация аясындағы жұмыстарды жалғастыру қажет екеніне назар аударылды. Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өткен ШЫҰ саммитіне Біріккен Араб Әмірліктерінің өкілді делегациясының қатысқаны үшін алғыс айтты.