Энергетика министрлігі: Қазақстан ОПЕК+ келісімі бойынша міндеттемелерді орындайды

Энергетика министрлігі: Қазақстан ОПЕК+ келісімі бойынша міндеттемелерді орындайды

Қазақстан 2025 және 2026 жылдары ОПЕК+ келісімі бойынша өз міндеттемелерін орындайды. Бұл туралы Энергетика министрлігі мұнай экспорттаушы елдердің бірлескен министрлік мониторинг комитетінің 58-ші отырысы қорытындысы бойынша хабарлады. Қазақстан өткен жылғы артық өндірісті өтеу үшін қажетті шараларды қабылдайды. Ведомствода атап өткендей, Теңіз кен орнын кеңейту жөніндегі жобаның іске қосылуына байланысты биыл өндірістің ұлғаюына қарамастан, республика үшін ОПЕК+ келісімі шеңберінде міндеттемелерді сақтау маңызды. Сонымен қатар Қазақстан халықаралық құқық шеңберінде әріптестермен келіссөздерді жалғастырады. Айта кетейік, ОПЕК+ комитеті мұнай өндірудің қазіргі саясатын сақтап қалу туралы шешім қабылдады.

Авторы: Әсел Күшенғалиева

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?