Астанада ECOJER IV Халықаралық конгресі өтті

Астанада ECOJER IV Халықаралық конгресі өтті

Климаттың өзгеруі, елдің тұрақты дамуы, жаңартылатын энергия көздері және «жасыл» жобаларға инвестициялар тарту. Бұл аса өзекті мәселелерді Астанада өткен «ECOJER» IV Халықаралық конгресінің қатысушылары қозғады. Дәстүр бойынша оның алаңына сарапшылар, мемлекеттік органдар, үкіметтік емес және халықаралық ұйым өкілдері Қазақстанның «жасыл экономика» саясатына жоспарлы көшуі бойынша өз ұсыныстарын жеткізді. Шара аясында біздің ел 2019 жылдан бері қосылған «PAGE» бағдарламасының аралық нәтижелері жарияланды. Оның жұмысына БҰҰ-ның бірнеше институты тартылды. 5 жыл ішінде олардың көмегімен, сондай-ақ Еуропалық Одақтың кейбір елдерінің және Оңтүстік Кореяның қаржылай қолдауының арқасында мемлекетімізде кешенді жұмыстар жүргізілді. Ол республиканың жасыл экономикалық даму тұжырымдамасын әзірлеу мен жүзеге асыруға және оның толық осы саясатқа көшуіне қатысты болды.

Ангус Маккей, Біріккен ұлттар ұйымының Оқу және ғылыми-зерттеу институтының директоры:

- Қазақстанда 2019 жылы басталған бағдарламамыздың бірінші кезеңі аяқталды. Бұл жұмыс жалғасын табады. Ендігі кезекте болашақта жасыл экономикаға көшуді қолдауға қажетті көбірек қаржы тарту үшін мәселелерді шешуге назар аударуды көздеп отырмыз. Жалпы қазіргі уақытта Қазақстан жаһандық деңгейде жасыл бастамалардың белсенді қатысушысы. Сондықтан, ел осы бағытта өңірлік әріптестерімен бірлесіп жұмыс істеуі қажет.

Ләззат Рамазанова, «ECOJER» Қауымдастығы кеңесінің төрағасы:

- Мен бұл жерде азаматтық қоғамның қатысуымен, яғни бірлесіп әзірленетін ұсыныстар, біздің жасыл экономикаға көшу стратегиясын іске асыру бойынша нақты жоспар қабылдауға әкелуі тиіс деп санаймын.

Жеңіс Ермұқанов

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?