Елорда бюджетін оңтайландыру шамамен 43 млрд теңгені құрады. Бұл туралы ОКҚ брифингі барысында Нұр-Сұлтан қаласы әкімі Алтай Көлгінов мәлімдеді. Үнемделген қаражат әлеуметтік саланы, инфрақұрылымды дамытуға, экономикалық секторды, денсаулық сақтауды, білім беруді және өзге де салаларды қаржыландыруға бағытталған.
АЛТАЙ КӨЛГІНОВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ ӘКІМІ:
- Жалпы елорданың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері оң нәтиже көрсетіп отыр. Пандемияға қарамастан, мемлекет қабылдаған шаралардың арқасында біз жыл қорытындысы бойынша негізгі капиталға 1 трлн кіріс түседі деп жоспарлап отырмыз. Салыстырмалы түрде айта кететін болсақ, 2019 жылдың соңында бұл көрсеткіш 900 млрд теңгеден сәл асқан еді. Жалпы аймақтық өнім де жыл соңында жақсы көрсеткіше ие болады деп күтіп отырмыз.
Мысалы, экономиканың және инфрақұрылымның нақты секторын қолдауға 25,7 миллиардтан астам теңге бөлінді. Сондай-ақ, білім, денсаулық сақтау және әлеуметтік көмекке қосымша 10,5 млрд теңге қаражат қарастырылған. Ал медицина саласы бойынша әкімдіктің резервіне шамамен 6 млрд теңге тартылған.
Авторы: Әсел Күшенғалиева