Қазақстан мен Қытай көлік байланысын нығайтады

Қазақстан мен Қытай көлік байланысын нығайтады

Қазақстан мен Қытай трансшекаралық өзендер арқылы өзара байланыс аясын кеңейтеді. Елордада бірлескен көлік форумы барысында осы бағытта бірқатар уағдаластыққа қол жеткізілді. Тараптар Ертіс арқылы «Ресей - Қазақстан – Қытай» транзиттік дәлізін және Іле арқылы Қонаев қаласынан Инин қаласына дейін өзен бағытын құруды талқылады. Қос ел теңіз жолдарының да әлеуетін еселеуге ниетті. Бұл ретте бүгінде Ақтау портында бірлескен контейнерлік хаб құрылысы жүріп жатыр. Бұл өткізу қабілетін 140 мыңнан 240 мың көнтейнерге дейін ұлғайтпақ. Мұның сыртында жүкті автокөлікпен тасымалдау қарқын алып келеді. Мәселен, тек биылдың алғашқы тоқсанында екі арадағы бұндай жеткізілімдер 82% артқан. Енді автоөткізу бекетінде ауыр жүк көліктері өтетін жаңа шекара көпірін салу мен 3-ші әуе дәлізін ашу жоспарланып отыр. Бұл  екі ел арасындағы әуе рейстерін аптасына 65-ке дейін жеткізуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, тараптар «Алматы-Сиань» бағыты бойынша жолаушылар пойызын іске қосуды көздеп отыр. Жалпы өзара темір жолмен жүк тасымалы да ширап келеді.

Марат Қарабаев, ҚР Көлік министрі:

- Биыл «Достық – Мойынты» теміржолының екінші дәлізі толығымен іске қосылған соң екі елдің арасындағы жүк өткізу қуаттылығы қазіргі 28-ден 62 млн тоннаға жетеді. Ал енді 2027 жылдың соңына қарай «Бақты -Аягөз» бағытын іске қосқаннан соң Қазақстан мен Қытай арасындағы темір жолдың өткізу қуаттылығы қазіргі 28 млн тоннадан 100 млн тоннаға жетеді. Ол алдағы үш жылдың ішінде әлеуеттің үш есе көтерілуі.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?