Бұл туралы Боао Азия форумының жыл сайынғы баяндамасында айтылған. Аналитикалық құжатта атап өтілгендей, биылғы жылы Азия өңірі жалпы экономикалық өсу қарқынын үдетеді, сондай-ақ, өңірлік өнеркәсіптік, сауда-инвестициялық және қаржылық интеграцияны ілгерілетуді жалғастырады.
Айта кетейік, 28-31 наурыз аралығында Қытайда жыл сайынғы Боао Азия форумы ұйымдастырылып тұрады. Форумға Қазақстан атынан «Астана» халықаралық қаржы орталығы қатысты.