2021 жылы «Қуатты өңірлер – Ел дамуының драйвері» Ұлттық жобасына 1,4 трлн теңге жұмсалды

2021 жылы «Қуатты өңірлер – Ел дамуының драйвері» Ұлттық жобасына 1,4 трлн теңге жұмсалды

Елімізде «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» Ұлттық жобасын іске асыруға 1,4 трлн теңге жұмсалды. Жобаның  2021 жылға арналған іс-шараларына жалпы 1,5 трлн теңге бөлінген болатын. Оның 93 проценті игерілді. Бұл туралы Үкімет отырысында еліміздің Ұлттық экономика министрлі хабарлады. Әлібек Қуантыров мәлім еткендей, жоба екі бағыт бойынша жүзеге асырылып жатыр. Оның біріншісі – «Базалық қызметтерге тең қолжетімділік» және екіншісі – «Көлік байланысын қамтамасыз ету», онда 4 міндет, 20 көрсеткіш және 96 іс–шара айқындалған. «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» атты ұлттық жоба өңірлер арасындағы айырмашылықты қысқарту үшін іске қосылған.

Әлібек Қуантыров, ҚР Ұлттық экономика минитсрі:

– Ұлттық жобаны 2021 жылы іске асыру мынадай нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік берді. Тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету көрсеткіші 90%-ті құрады, моно- және шағын қалаларда инженерлік және көлік инфрақұрылымының тозуы 57,6%-тен 45,5%-ке дейін төмендеді, 17,1 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, нормативтік күйдегі республикалық маңызы бар жолдардың үлесі 90%-ке дейін , ал жергілікті маңызы бар жолдардың үлесі – 80%-ке дейін өсті.112 мыңға жуық тұрақты және уақытша жұмыс орындары құрылды.

Айта кетейік, аталған жобаға 2022 жылы 1,8 трлн теңге, оның ішінде бюджеттен тыс – 709 млрд теңге қарастырылған. Биылғы жылдың 1 тамызындағы көрсеткіш бойынша 528 млрд теңге игеріліп үлгерген.