Қазақстанда алғаш рет Ирбис тікұшақ үлгісіндегі ұшқышсыз ұшақ шығарылды. Мамандардың айтуынша, аппараттың жеті келіге дейінгі жүкті көтеретін қауқары бар, ал ұшу қашықтығы 60 шақырымға жетеді. Прототипті жасауға екі жыл кеткен. Аталмыш отандық өндіріс әскери, азаматтық және өнеркәсіп салаларында жұмыс істеуге арналған. Онымен қоса, дрондар қоршаған ортаға мониторинг жүргізіп, төтенше жағдайлардың ауқымын бағалай алады екен. «Жаңа құрылғының мүмкіндіктері мұнымен шектелмейді», – дейді өндірушілер.
Ратмир Комратов, «Kazakhstan Engineering» ҰК» АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі:
- Ең алдымен аппарат ауыл шаруашылығына, яғни жерді таңбалауға, өзендердің тасуын бақылау үшін қажет. Бұл Төтенше жағдайлар министрлігіне, Қорғаныс министрлігіне, мемлекеттік қауіпсіздік күштеріне өте қолайлы.