Қансонар болмаса да, бүркітшілер аңға шықты. Қазақ ұлтының
қанына сіңген көне дәстүр құсбегіліктен халықаралық турнир өтті. Осымен 6 мәрте
ұйымдастырылып отырған жарысқа Қазақстанмен
қатар Қытай, Моңғолия және қырғызстандық құс баптаушылар да қатысты. Астана
маңында өткен сайыста бүркіттерді
қоянға салу мен қолға қондыру қабілеттері бағаланды.
Нұрлан Молдаханов,
бүркітші, Қырғызстан:
-Қазір
осындай тәрбиелік маңызы бар құсбегілік спорт түрін балаларымызға мұра қылып
қалдыруымыз керек. Бүркіт – өте алғыр құс, әрі кез келген оны баптай алмайды.
Қыран құс мейірім білдіре
Диас Күнтуған,
бүркітші, Қазақстан:
- Атамның
көзі тірі кезінде осыны үйретіп кеткен бізге, көрсетіп. Сол кісі қалаған осы
бізді жарыстырып, атадан бабаға мирас болып қалған спорт. Сол атамыздың
үйреткенін жалғастырып жатырмыз.
Халықаралық сарапшылар осындай шаралардың ата дәстүрді жаңғыртуға мүмкіндік
беретінін айтады. Байрақты дода келер жылы елордада өтетін Дүниежүзілік
көшпенділер ойындарына қатысатындар үшін дайындық болмақ.
Еркеғали Карбозов,
Астана қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары:
-Келесі жылы
міне биыл бізде дүниежүзілік
көшпенділер ойындары өткізілгелі жатыр. Ол осыған дейін Қырғызстанда өткізілді
екі рет. Былтырғы жылы Түркия елінде өтсе, енді міне келесі жылы осы
Қазақстанда, оның ішінде Астана қаласында өткізілетін болады. Ол жерде, оның
бағдарламасында да осы құсбегілік бар.
Турнир қорытындысы бойынша бабы асқан атыраулық құсбегілердің қанжығасы бас жүлдемен
майланды. Екінші орынға Астана
бүркітшілері жайғасса, Ақмола өңірінің қатысушылары үздік үштікті тұйықтады.