Бейжіңде отандық шығармалардың қытай тіліндегі алғашқы жинағы жарық көрді. Онда Абай Құнанбаев, Шәмші Қалдаяқов, Алтынбек Қоразбаев, Нұрғиса Тілендиев және тағы басқа еліміздің көрнекті қайраткерлерінің 30 таңдамалы музыкалық туындысы қамтылған. Әндердің сөзін белгілі жазушы, ҚХР саяси консультативтік кеңесінің бұрынғы депутаты Әкбар Мәжит аударған.
Шахрат Нұрышев, Қазақстанның Қытайдағы елшісі:
- Музыка мен әндер, жалпы сазгерлік өнер халықтар арасында мәдениет пен әдет-ғұрыпқа терең бойлап, танып білуге мүмкіндік береді. Бұл жинақ Қазақстан мен Қытай арасында достық пен татулықтың іргетасын бекемдей түсуге серпін боларына сенімдімін.