Қазақстанда биржалық сауданың бірыңғай ережелері бекітіледі. Онда брокерлер мен дилерлерді дискриминациялаудан сақтайтын нақты нормалар, сондай-ақ сатып алушылар мен сатушылардың бір биржадан екіншісіне ереженің еш өзгеруінсіз ауысуларына болатын мүмкіндікті қарастырады. Тиісті заң жобасы Мәжілісте ұсынылды. Жаңа құжат тауар биржаларының екі деңгейлі жүйесін құруды ұсынады. «Екі деңгейге бөлу экономиканың осы саласын жетілдіруге және дамытуға серпін береді», - деп атап өтті Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов.
Бақыт Сұлтанов, ҚР Сауда және интеграция министрі:
- Бірінші деңгейге тоқтала келе, сауда-саттықты биржалық тауарлармен жүзеге асыратын тауар биржалары үшін жарғылық капиталды 700 мың еселенген айлық есептік көрсеткішке дейін ұлғайту көзделген. Екінші деңгей, стандартталмаған тауарлармен ғана сауда-саттықты жүзеге асыратын тауар биржалары үшін талаптар бұрынғы деңгейде қалады. Яғни жарғылық капиталдың ең аз мөлшері 300 мың еселенген айлық есептік көрсеткішті құрайды.
Қазіргі уақытта Қазақстанда 19 тауар биржасы лицензияланған. Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, биржалық келісімдердің саны соңғы 11 жылда 48 мың келісімге дейін, яғни 50 есеге өскен.
Авторы: Ақзер Сегізбай