Биыл
Қазақстан он бір млн тонна бидай экспорттайды. Бұл соңғы 10 жылдағы рекордтық көрсеткіш дейді, «Қазақстанның астық
одағының» өкілдері. Отандық бидайдың негізгі тұтынушылары әлі де Орталық Азия
өңірі болып қала береді. Осы жылы жоспарға сай Өзбекстан, Тәжікстан және
Ауғанстан елдеріне жөнелту үшін 5 млн тоннаға жуық өнім тиелмек. Сондай-ақ,
Қытай тарапы да біздің астықты импорттау үшін белсенділік танытуда. Аспан асты
елі биыл шамамен үш миллион тоннасын сатып алуға ниетті. Өзге бөлігі басқа
елдерге жіберіледі. Айта кетейік, Қазақстан бидай экспортынан шамамен трлн
теңге кіріс көруді жоспарлап отыр. Жер емген отандық диқандар алдағы орақ
науқанын
қыркүйек айының ортасынан бастауды межелеген. Мамандар егістік алқаптарынан 14
млн тонаға тарта бидай бастырылып, ел қамбасына құйылады деп шамалап отыр.