Осы жылдың алты айында отандық автокөлік өндірісі үштен бірге артты. Бұл жалпы құны 507 млрд теңгеден асатын 51,5 мыңнан астам автокөлік. Аталған санның негізгі бөлігін, яғни 47 мыңға жуығын жеңіл автокөліктер құрап отыр, ал қалған төрт мыңға жуығы – жүк көлігі. Бүгінгі таңда олар негізінен Қостанай зауытында шығарылады. Биыл мұнда өндіріс көлемі 33,5 процентке өсіп, шамамен 32 мың автокөлікке жетті. Ал Алматы зауытында екі есе аз өндіріледі. Отандық автоөнеркәсіптің қалған бөлігі Семей мен Көкшетаудағы зауыттардың үлесіне тиесілі. Қазақстан автобизнес қауымдастығының мәліметінше, бүгінде отандастар арасында Оңтүстік Корея, Америка, Ресей және Қытай маркаларының көліктері танымал. Ал елімізден Өзбекстан, Ресей, Беларусь, Қырғызстан сияқты елдерге тасымалданады. Айта кететіні, биыл экспорт бірден 23 процентке артқан.