Душанбеде ТМД елдері ғалымдарының форумына 70-тен астам маман қатысты

Душанбеде ТМД елдері ғалымдарының форумына 70-тен астам маман қатысты

Фундаменталды ғылымдардың негізгі трендтері, жай-күйі мен даму перспективалары, сондай-ақ саланы цифрландыру. Душанбеде өткен ТМД елдері ғалымдарының V форумына қатысушылар осы аталған  тақырыптарды талқыға салды. Іс-шараға бейінді министрліктердің, ғылым академиялары мен ірі ғылыми-зерттеу орталықтарының, Тәжікстан, Қазақстан, Әзербайжан, Армения, Беларусь, Молдова, Ресей, Өзбекстан жоғары оқу орындарының басшылары, жалпы 70-тен астам маман жиналды. Ғалымдар Достастық елдерінің инновациялық әлеуетін арттыруға және ғылыми байланыстарды кеңейтуге ерекше назар аударды. Форум аясында сондай-ақ ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Жас ғалымдар кеңесінің бірінші отырысы өтті. 

Мария Ивченкова, әлеуметтану ғылымдарының кандидаты, Ресей: 

– Бұл осындай форматтағы өте маңызды іс-шара. Өйткені олар ғалымдардың өзара ынтымақтастығын жолға қоя алады және біз коммуникацияның жаңа формаларын, фундаменталды ғылымды дамытуға мүмкіндік беретін ғылыми жобаларды таба аламыз Бұл форум тек тың байланыстар орнатып ғана қоймай  ғылым үшін жаңа идеялар береді деп үміттенеміз. 

Авторы: Әсел Күшенғалиева