Түркістан облысында елімізде теңдесі жоқ электр стансасы салынып жатыр. Ірі жобаның құрылысына 700 миллиард теңге инвестиция тартылды. 56 ауыр техника мен 300-ден астам маман тартылған құрылыс қарқынды жүріп жатыр. Нысан болашақта 1000 МВт қуат өндіреді. Бірегей жоба сәтімен іске асса, оңтүстік өңірдің ғана емес, жалпы елдегі электр энергиясы тапшылығын жоюға мүмкіндік болады. Станса іске қосылғанда 500 адам тұрақты жұмыспен қамтылады. Замануи стансаның тағы бір артықшылығы: жаңа бу-газ турбиналы қондырғылар суды аз тұтынып, есесіне электр қуатын артығымен өндіреді.
Сабит Базарбеков, жетекші инженер:
– Нөлдік қабаттың бетондық жұмыстары жүргізілуде. Және суды тазалау пунктісі. Өндірістік суды тазалау насостарының жер жұмыстары бітіп, қазір бетондау жұмыстарын бастадық. Қазіргі таңда, нысан бойынша 309 адам 56 техника іске қосылған.