Еске салайық, аталмыш жиын Сианда 18-19 мамыр күндері өтеді деп жоспарланған. Қазақстан мен аспан асты елі көршілес мемлекеттер ретінде екі тарапқа да тиімді қарым-қатынастарды дамытуға мүдделі. Атап айтар болсақ, біздің ел мен Қытай өз азаматтары арасында визасыз режим енгізбек. Тараптардың бұл шешімі ынтымақтастықты арттырып, іскерлік байланыстарды кеңейте түспек. Оның үстіне соңғы жылдары Қазақстанның шығыстағы көршісімен алыс берісі анағұрлым артқан. Өткен жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 24 млрд доллардан асты.
Бекжан Садықов, ҚСЗИ жаһандық экономика және тұрақты даму бөлңімінің жетекшісі:
- «Орталық Азия- қатй» саммиті не береді деген сауалға жауап берер болсақ, ең алдымен сөзсіз аймақ елдері мен Қытай арасында кооперацияның жаңа кезеңін ашары анық. Тараптарға қажет бағыттар бойынша жұмыстар жаңа қарқын алады. Және әрине көлік инфрақұрылымын дамыту мәселелері басты назарда болатыны анық. Өткен жылы жарты миллиард доллардан жоғары сомаға коммерциялық мәмілелер жасалғанын да есептеуіміз керек. Бұл жиында бірнеше маңызды стратегиялық құжаттарға қол қою жоспарланып отыр. Оның қатарында коммерциялық бағытағы келісімдер болатыны анық. Менің ойымша бұл жиында жеткізілім бойынша коммерциялық ұсыныстар ғана емес өнеркәсіптік әлеуетімізді ашуға болатын мәмілелер жасалуы тиіс. Оған орта дәліз мүмкіндіктерін пайдалану да кіреді.
Сарапшының айтуынша, Қытайдың ірі нарығы аймақтың тауар өндірушілері үшін аса тартымды. Жыл сайын аспан асты еліне жететін орталықазиялық өнімдердің көлемімен қатар түрлері де артып келеді. Мәселен, Өзбекстан шие, Қырғызстан мен Тәжікстан ет пен бал сынды азық-түлік және кептірілген жемістер экспорты бойынша көшбасшы. Ал Қазақстан алып нарық үшін өзінің көліктік-логистикалық мүмкіндіктерімен қызықты.
Бекжан Садықов, ҚСЗИ-ның жаһандық экономика және тұрақты дамыту бөлімінің басшысы:
- Еліміз батыс пен Еуропа арасындағы көпір іспетті. Сондықтан осы тұрғыда көптеген елдердің назары Қазақстанға ауып келеді. Еліміз үшін Қытаймен стратегиялық ынтымақтастықты дамыту маңызды. Бұл ең алдымен инфроқұрылымдық әлеуетімізді аша түседі. Қазақстанның ғана емес, жалпы Орталық Азия елдерінің басқа ойыншылармен сыртқы экономикалық байланыстарын одан әрі дамытуға серпін беретіні сөзсіз. Бұған Оңтүстік Кавказ бен Еуразияның басқа да өңірлерін қосуға болады.