Қазақстандық фильм Шанхайдағы халықаралық кинофестивальде үздік деп танылды

Қазақстандық фильм Шанхайдағы халықаралық кинофестивальде үздік деп танылды

Халықаралық кинофестивальдерде топ жарып, елімізді танытып жатқан қазақстандық фильмдердің қатары кеңейіп келеді. Мәселен, тағы бір отандық картина 26 рет Шанхайда өтіп жатқан «Алтын кубок» халықаралық кинофорумында үздік деп танылды. Ол – «Ажырасу» кинотуындысы. 

Биыл халықаралық бәйгеге 29 елден 50 кинолента қатысқан. Қазылар алқасы отандық фильмді комедия, фарс пен трагедияның бірегей қосындысы мен қоғамдағы өзекті мәселелерді көтере білгені үшін жоғары бағалаған. 

Фильм сюжеті өткен ғасырдың 1920 жылдарында орын алған. Режиссер Дания Саламат әйелдің отбасындағы мәртебесі мен қоғамдағы рөлі секілді түйткілді мәселені көтерді. Туындыны түсіруге 10 жыл уақыт кеткен.

Айта кетейік, отандық лента «Үздік әйел рөлі» номинациясы бойынша да топ жарды.