Тайландта қазақ мәдениетінің ауқымды концерті өтті

Тайландта қазақ мәдениетінің ауқымды концерті өтті

Өнерде шекара жоқ! Бұған Тайландта өткен гала-концерт дәлел бола алады. Оңтүстік-Шығыс Азия елінің тұрғындары қазақтың бай өнері мен мәдениетінің куәсі болды. Жергілікті көрерменге бірегей қазақ билері ұсынылды. Оның ішінде әсемдігімен көрерменнің көзайымына айналған «Аққу» биі де бар. Сонымен қатар, «Арулар», «Кербез сұлу», «Қара жорға» билері де орындалды. Ұлттық билердің барлығы киімдердің әралуандығымен, ерекше мәнерімен қонақтарды таңқалдырды. Айта кетейік, сахнада «Катюша» ұжымының екі жүзге жуық жас әртісі өнер көрсетті. Аталған тайлық ансамбль қазақ би өнеріне ерекше көңіл бөледі.

Ал, қос ішекті домбырның сиқырлы дыбысы өнер сүйер қауымды байтақ далаға жетелегендей әсер қалдырды. Концертке 500-ден астам көрермен жиналды. Олардың ішінде халықаралық компания өкілдері, дипломаттар мен тұрғындар бар.

Арман Исетов, Қазақстанның Тайландтағы елшісі:

- Біздің мәдениетіміз бен дәстүрімізді көрсету қазақстандықтардың ортақ мақтанышы. Бүгінгі кеш жаңа достықтың, өзара түсіністіктің және мәдени көпірлердің бастамасы болсын!

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?