Ұлттық валюта АҚШ долларына қатысты 7 теңгеге нығайды. Ұлттық банк доллардың 26 шілдедегі бағамы 475,92 деңгейінде белгіледі. Мамандар бұған базалық мөлшерлеменің көтерілуі себепші болғанын хабарлады. Тағы бір айта кетерлігі, еліміздегі екі ірі мегаполистің ақша айырбастау пунктерінде бір долларды орта есеппен 478 теңгеге сатып алуға болады. Ал сату бағасы -482 теңге.