Қазақстан шетелдік инвестицияларды белсенді тартуда

Қазақстан шетелдік инвестицияларды белсенді тартуда

Қазақстан былтыр жалпы құны шамамен 3 трлн теңгені құраған 100-ден астам инвестициялық келісімшартқа қол қойды. Сонымен қатар, 2,5 млрд доллар көлемінде 7 келісім жасалды. Ал, биылдың басынан бері АҚШ валютасында 2 млрд-тың келісімдері мақұлданды. Еліміздің логистика, тау-кен өнеркәсібі және агроөнеркәсіптік кешені шетелдік бизнес үшін сұранысқа ие тартымды салалар. Отандық кәсіпкерлер де болашағы зор жобаларға белсенді түрде жеке қаржысын құюда. Сарапшылардың пікірінше, мұның бәрі елімізде қолайлы инвестициялық климат қалыптастыру жұмыстарының нәтижесі. Қазақстан заңнамалық базаны күшейтіп, инвестициялық келісімдерді жетілдіру арқылы инвесторлар үшін барынша тиімді жағдайлар ұсынуда. Еске сала кетейік, ел алдына қойылған маңызды міндеттердің бірі – 2029 жылға қарай ұлттық экономиканың көлемін еселеп, 450 млрд долларға жеткізу.

Талғат Зейнуллин, ҚР ҰЭМ Инвестициялық саясат және қаржы секторын дамыту департаментінің бас сарапшысы:

- Соңғы үш жылда ішкі инвестициялардың жалпы көлемі ауыл шаруашылығы сынды экономиканың негізгі секторларына бағытталды. Агроөндірістік кешенге шамамен 5,5 трлн теңге инвестиция құйылды. Елдің нақты экономика секторына да қомақты қаражат бөлінді. Оған өнеркәсіп, энергетика, құрылыс, көлік және логистика салалары кіреді, жалпы инвестиция көлемі шамамен 2,5 трлн теңгені құрайды.

Ғабидулла Оспанқұлов, ҚР Сыртқы істер министрлігінің Инвестициялар комитетінің төрағасы:

- Соңғы уақытта бірнеше компания өз жобаларын іске асыруда. Бірінші болып немістің Скай Ханса компаниясы Қорғасқа инвестиция салуда. Олар жүк тасымалына арналған әуежай салуды жоспарлап отыр. Ірі жоба Достық-Мойынты теміржол желісінің құрылысы басталды. Ол жүк тасымалдау көлемін жылына 10 млн тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?