Дипломаттар Қазақстанның жаңа Конституциясы туралы пікір білдірді

Дипломаттар Қазақстанның жаңа Конституциясы туралы пікір білдірді

Қазақстанның жаңа Конституциясын халықаралық қоғамдастық қызу талқылап келеді. Дипломатиялық корпус өкілдері Негізгі заң республиканың саяси дамуының жаңа кезеңіне жол ашқанын айтады. Олардың пікірінше, басты заңнамалық құжат азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды, мемлекеттік институттардың тиімділігін арттыруды және демократиялық қағидаттарды одан әрі нығайтуды көздейді. Шетелдік сарапшылар Қазақстандағы саяси үдерістерді де мұқият қадағалап отыр. Олар негізгі өзгерістер қатарында сайлау өткізу және Құрылтайдың жаңа құрамын қалыптастыруды жіті бақылауға ниетті, сондай-ақ біздің елмен ынтымақтастықты одан әрі дамытуға дайындығын растап отыр.


Андреа Бахер, Австрияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі:


- Австрия Парламенті Құрылтайдың жаңа мүшелерімен өзара іс-қимылды мүмкіндігінше тезірек жолға қоюға мүдделі. Қыркүйек айының соңында Астанаға австриялық парламенттік достық тобының сапары жоспарланып отыр. Біз қысқа мерзім ішінде Қазақстан құрылтайымен тығыз ынтымақтастықты жаңа құраммен жалғастыруды жоспарлап отырмыз.


Исмат Джахан, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің адам өлшемі жөніндегі сарапшысы:


- Бұл өте маңызды әрі уақтылы жасалған қадам деп санаймын. Қазақстан халқы өз таңдауын жасап, өз ерік-жігерін білдірді, мұны біз референдумнан көрдік. Менің білуімше, жаңа Конституция күшіне еніп жатыр, яғни жаңа нормалар әрекет ете бастады. Осы мүмкіндікті пайдаланып отырып, қазақстандықтарды құттықтаймын!

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?