Алматы
қаласындағы Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы елдері кездесуінің басты мақсаты - спорт пен туристік әлеуетті дамыту. Қазақстанның бастамасымен ұйымның туризм
саласындағы 2024-2025 жылдарға арналған бірлескен жоспары әзірленіп,
қабылданды.
Ол 20-ға жуық іс-шараны
қамтиды.
Құжатта
инфрақұрылымды жетілдіру, туристік сұранысты ынталандыру, саяхатшылар үшін
сервисті жақсарту және аймақ бойынша туристік бағыттарды ілгерілету шаралары
қарастырылған. Сондай-ақ, әрбір
ел бірегей туристік мүмкіндіктер мен ресурстарды ұсына отырып, өз үлесін
қосады.
Ермек Маржықпаев, Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрі:
-Біздің министрлік жанында Халықаралық туризм және қонақжайлылық
университеті жұмыс істейді. Ол түркі әлемінің рухани туристік астанасы - Түркістан қаласында орналасқан. Алдағы академиялық жылы біз әр елден 2 өкілден
бастаманы басым негізде қабылдауға дайынбыз. Біздің
бастамамыз ұлтаралық ынтымақтастықты нығайтуға, ықпал етеді деп ойлаймын. Бұдан
басқа, ШЫҰ аясында ұйымның туристік мәдени астанасы жобасы табысты іске
асырылуда. Алматы бұл мәртебені келесі қалаға беруге дайын. Біз өз тарапымыздан
аспан асты еліндегі Циндао қаласының ШЫҰ туристік мәдени
астанасы ретінде кандидатурасын қолдауға дайынбыз.
Ермек
Маржықпаев өз сөзінде ШЫҰ аясында спорт саласы өзара іс-қимылдың
негізгі бағыттарының бірі екенін атап өтті.
Ермек Маржықпаев, Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрі:
-Бүгін осы кездесу барысында біз өз тәжірибемізбен бөлісіп, дене
шынықтыру және спорт саласын одан әрі дамыту жөніндегі көзқарастарымызды ортаға
салудың бірегей мүмкіндігіне ие болдық. Біз бірлесіп спорттық күн тәртібін ұйым
ішінде ғана емес, әлемде де қалыптастыра аламыз.
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы аясында спортты жандандыру бұл - мәдени алмасу, жоғары жетістіктер спортын
дамыту және ілгерілету, мемлекеттердің жергілікті және ұлттық спорт түрлерін жетілдіру үшін қолайлы мүмкіндік. Мұндай пікірді Иран Ислам Республикасының Спорт және жастар
министрі Киюмарс Хашеми білдірді.
Киюмарс
Хашеми,
Иран
Ислам Республикасының Спорт және жастар министрі:
- Біз Қазақстанның Спорт
және туризм министрі Ермек Маржықпаевпен өте жақсы кездесу өткіздік, Иран мен
Қазақстан арасында бірлескен ынтымақтастық туралы Меморандум жасалды. Осы тұрғыдан алғанда,
Қазақстанның спорттық мүмкіндіктерін, соның ішінде гольф,
атқа міну, бокс және велоспортты Иранда дамыту және ілгерілету үшін
пайдаланамыз, ал Иран өз кезегінде қазақстандық тарапқа күрес, таэквондо және каратэ
сияқты бағыттарда көмек
көрсетеді. Сонымен
қатар, Иран Қазақстанда өтетін «Көшпенділер ойындары» фестиваліне 6 пән бойынша
қатысады. Иранның велоспорт командалары Қазақстан лигасына қатысады және
Қазақстанның Туризм және спорт министрлігі осы елде Зорхананы іске қосуды жоспарлап отыр. Сондай-ақ, біз
бұл мәселені алға тартып, қолдау білдіреміз деп шешім қабылдадық. Жалпы,
біз Шанхай ынтымақтастық
ұйымы
аясындағы спортты жандандыруды мәдени алмасулар, жоғары жетістіктер спортын
дамыту және ілгерілету, мемлекеттердің жергілікті және ұлттық спорт түрлерін
дамыту үшін қолайлы мүмкіндік ретінде қарастырамыз және бізде оны дамыту үшін ұзақмерзімді
және тиісті бағдарламалар бар. Осы отырыста біз мүше мемлекеттер арасында
футзал ойындарын өткізуді және 2026 жылы министрлер кездесуінің күн тәртібіне
енгізілген спорт министрлерінің кездесуін өткізуді ұсындық. Қазақстанның керемет қонақжайлылығы
үшін ризашылығымды білдіргім
келеді. Бұл кездесуге дайындалған бағдарлама
барлық қатысушылардың пікірлерін ескере отырып жоспарланды. Бұл ШЫҰ-на мүше мемлекеттердің ұзақ
мерзімді ынтымақтастығы үшін жақсы бастама.
Қазақстан
ұйымның барлық дерлік елдерімен визасыз режим орнатқан. Статистикаға сүйенсек,
Қазақстанға келетін шетелдік туристер ағынының 62 пайызын ұйымның азаматтары құрайды. Кездесу барысында еліміздің Туризм және спорт
министрі Қытай, Иран және Ресейдің тиісті ведомстволарының басшыларымен
екіжақты келіссөздер жүргізді. Ресей
спорт министрі Михаил
Дегтяревпен екіжақты келіссөздер аясында қос тараптың спорт ғылымын дамыту
саласындағы ынтымақтастығы мәселелері талқыланды. Қытайдағы әріптесі Гао Джиданьмен ынтымақтастық және
2025 жылғы Қысқы Азия ойындарына қатысу мәселелері талқыланды. Алматыда өткен Ұйым отырысының
қорытынды құжаты туризм бойынша 2024-2025 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл
жоспарына қол қою болып саналады.
Ермек Маржықпаев, Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрі:
-Биылғы жылдың 8-13
қыркүйегі аралығында біздің елде бесінші Дүниежүзілік
көшпенділер ойындары өтетінін айтқым келеді. Дүниежүзілік көшпенділер
ойындары - елордада 100 мыңнан астам саяхатшы жинайтын ірі
туристік шара. Сіздерді елордамыз Астана қаласындағы бірегей жобаның
жүзеге асырылуын өз көздеріңізбен көріп, тамаша әсер алуға шақырамыз.