Димаш Құдайберген алғаш рет продюсер мансабында марапатталды

Димаш Құдайберген алғаш рет продюсер мансабында марапатталды

Қазақстандық өнерпаз Димаш Құдайберген алғаш рет продюсер мансабында марапатталды. Оның еңбегі Қытайдың Макао қаласында өткен Weibo Gala салтанатында атап өтілді. Димашқа сыйлық халықаралық мәдени алмасуды дамытуға қосқан үлесі үшін берілді. Рәсімде ол «Voice Beyond Horizon» жобасын таныстырды және оған ат салысқандардың барлығына алғысын білдірді. Шоудың финалы жақында теледидардан көрсетіледі. Кеш барысында әнші қазақ тіліндегі рэппен толықтырылған, «Fire» авторлық композициясын орындады.


Димаш Құдайберген, Қазақстанның халық әртісі:

- Бұл мен үшін өте ыстық марапат, неге десеңіз, осы уақытқа дейін әлемнің біраз мемлекеттерінде әнші ретінде марапатталып жүрсем, бұл менің продюсер ретінде ең алғашқы рет марапаталып жатқаным. «Көкжиектен асқан үн» жобасына серіктес болған барлық азаматтарға шын жүректен алғыс айтқым келеді. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?