Астанада Бейбарыс Сұлтанның 800 жылдығы аясында көрме ашылды

Ел шежіресінің бірегей үлгілері еліміздің Ұлттық архиві мен Ұлттық музей қорларынан жинақталған. Ұйымдастырушылардың айтуынша, материалдардың бір бөлігі Мысырдан әкелінген. Көрменің екінші бөліміне белгілі арабтанушы ғалым Қайрат Сәкидің жеке қорында сақталған құжаттар мен архив материалдары қойылған.

Әсия Әйтенова, ҚР ұлттық архивінің қызметкері:

- Бұл экспозицияда Ұлттық архив қорындағы, №83 қордағы құжаттар көпшілік назарына ұсынылған. Бұл құжаттар 2004-2006 жылдары «Мәдени мұра» бағдарламасы шеңберінде елімізге әкелінген. Елімізге шет мемлекеттерден жеткізілген құжаттарда тарихымызға қатысты тың ақпараттар бар. Қазіргі жағдайда әсіресе Бейбарыс сұлтан билігінің тарихына қатысты құжаттарды айтуға болады.

Көрмеге барлығы 20-дан астам архивтік және осынша фотоқұжаттар қойылды. Олар Бейбарыс сұлтан тұсында сәулет өнерімен қатар ғылым, білім, мәдениет пен әдебиеттің дамығанын айғақтайды. Сонымен қатар ірі қалаларда мешіттер мен медреселер, сарайлар, сауда орындарының ашылғандығын көрсетеді.

Гүлім Ыдырысова, көрме қонағы:

- Зерттеулер, шығарылған, жызлған еңбектер, табылған фото және архивтік құжаттар барлығы Ұлттық музей кеңістігінде көрермен назарына ұсынылып отыр. Келген көрермендер үлкен біздің ұлттық тарихымызға жаңаша терең көзқараспен қарайды дейміз. Негізгі дәлелдемелермен таныса алады.34,50

Мысыр мен Шам жерінде билік құрған қыпшақ даласының тумасы, мысырда мәмлүктер өркениетінің негізін қалаушысының 800 жылдық мерейтойы екі елде – Қазақстан мен Мысырда – тойланады. Осыған байланысты бірқатар ауқымды іс-шаралар жоспарлануда.