Түркменстанда ТҮРКСОЙ елдерінің II театр фестивалі аяқталды

Түркменстанда ТҮРКСОЙ елдерінің II театр фестивалі аяқталды

Қазақстан театры Түркменстан астанасында ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымы елдерінің фестивалінде драма өнеріне инновациялық көзқарасы мен мәдени мұрасын сақтағаны үшін жоғары бағаға ие болды. Ашхабадта жергілікті  және Қазақстан, Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан мен Қырғызстан мемлекеттерінің сахна саңлақтары үздік қойылымдарын ұсынды. Мәдени шара биыл түркі әлемінің астанасы атанған ежелгі Анау шаһары және ақын Махтұмқұлы Пырағының 300 жылдығына арнайы ұйымдастырылды. Оның қатысушылары халықаралық ұйымға мүше елдердің театр фестивалі мәдени байланыстарды нығайту және киелі сахна өнерінің дамуына ықпал жасайтынын алға тартады.

Нұрқанат Жақыпбай, қазылар алқасының мүшесі, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері:

– Керемет спектакльдер ұсынылды. Әрбір мемлекет бірінен-бір асатын қойылымдар жіберген. Мұны көрермендердің ду қол шапалағы айғақтайды. Өнер сүйер қауымның ықыласына бөлену оңай шаруа емес. 

Жеңіс Ермұқанов. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?