Майындағы Франкфурт қаласында Түркіменстанның экономика
күндері өтті. Екі күндік іс-шараға екі елдің министрліктері мен ведомстволарының
өкілдері, сондай-ақ ірі компаниялар мен қаржы институттарының басшылары
жиналды. Тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастық, өнеркәсіп, көлік, логистика
және энергетикалық әріптестік әлеуетін талқылады. Цифрлық трансформация және
электрондық үкімет құру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Өзара іс-қимылдың
басым бағыттарының бірі - инновациялар, аграрлық сектор, су ресурстарын тиімді
басқару. Қатысушылар Түрікменстанның химия саласын ұзақ мерзімді дамыту
стратегиясын жеке қарастырды. Бұл құжат табиғи газды ұтымды пайдалануға,
сондай-ақ салаға экологиялық технологияларды енгізуге негізделген. Талқылаулар
пленарлық отырыстар, B2B- және B2G-кездесулер шеңберінде өтті. Ал жиын соңында
тараптар екіжақты ынтымақтастық туралы құжаттарға қол қойды. Мақсат - өзара
экономикалық қарым-қатынастарды нығайту.
Пэр Бродерзен, Герман агробизнес альянсының басқарушы директоры:
- Біз осы сектордың өнімділігін арттыру үшін Түркіменстанның аргарық саласын
жаңғыртудың тың жолдары мен жаңа мүмкіндіктерін ұсынамыз. Бұл ең алдымен халықтың
қауіпсіздігі мен азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін қажет. Осыған қатысты ортақ
сын-қатерлерді әлі де бірлесіп талқылайтын боламыз.
Питер Саксе, «John Deere»
ТМД-ғы өкілі:
- Біз неміс нарығындағы ірі ауыл шаруашылығы техникасын өндіретін американдық
компаниямыз. Бұл ретте түрікмен нарығындағы қызметімізге де 30 жыл болғанын
айта кету керек. Өзіміздің тәжірибеміз бен ынтымақтастығымызды жоғары
бағалаймыз.

