Қазақстан Президенті АҚШ пен Болгария елшілерінің сенім грамоталарын қабылдады

Қазақстан Президенті АҚШ пен Болгария елшілерінің сенім грамоталарын қабылдады

Бүгін Ақорда резеденциясында Қазақстан Президентіне АҚШ пен Болгария елшілерінің сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтті.

 

Қасым-Жомарт Тоқаев елшілерді дипломатиялық миссияларының ресми түрде басталуымен құттықтап, екі елмен серіктестікті дамытуға мүдделі екенін жеткізді, әрі олардың мемлекет басшыларына ізгі тілегін жолдады. Мемлекет басшысы Болгария елшісіне Президент Румен Радевтің былтырғы елімізге жасаған ресми сапары екіжақты қарым-қатынасқа айтарлықтай тың серпін бергенін айтты. Еліміз Болгариямен саяси және экономикалық салада одан әрі өзара әріптестікті арттыруға мүдделі. Мемлекет басшысы Қазақстан мен АҚШ қарым-қатынастарына ерекше назар аударды. Қасым-Жомарт Тоқаев Джули Стаффтпен әңгімелесу барысында өткен жылдың қараша айында АҚШ-қа жасаған сапары табысты өткенін ықыласпен еске алды. Қасым-Жомарт Тоқаев таяуда Дональд Трамппен телефон арқылы емен-жарқын сөйлесіп, екіжақты ынтымақтастыққа қатысты көптеген мәселені талқылағанын айтты. Қазақстан Президенті жыл соңында Құрама Штаттарда өтетін G20 саммитіне қатысуға шақырылғаны үшін алғыс айтып, стратегиялық серіктестігімізді дамытып, нығайтуға барынша күш саламыз  деді.


Джули Стаффт, АҚШ-тың Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі:


- Қазақстан мен АҚШ-ты ұзақ мерзімді өзара қарым-қатынас байланыстырады, себебі АҚШ Қазақстанның тәуелсіздігін бірінші болып таныған елдердің бірі. Қазір біздің қарым-қатынасымыз ортақ тарихымыздағы ең жоғары деңгейде тұр. Президенттер Қасым-Жомарт Тоқаев пен Дональд Трамп өте тығыз қарым-қатынаста және үнемі сұхбаттасып тұрады. Алдағы уақытта олар қайта кездесіп, еларалық қарым-қатынасты жалғастырады. Президент Тоқаевпен кездесіп, екіжақты қарым-қатынастардағы басым бағыттарды талқыладық. Біз бұл орайда Президент Трамптың толық қолдауына ие болып отырғанымызды айта аламын және екі көшбасшының көмегімен ынтымақтастықты кеңейтуге жігерлене кірісемін. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?