Қасым-Жомарт Тоқаев коронавируспен күрестегі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының елеулі үлесін атап көрсетті. Бұл туралы Қазақстан Президенті Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының 74-ші сессиясының жабылауында мәлім етті.
«Коронавирус ұлттық денсаулық сақтау жүйелері мен көпжақты институттар үшін теңдессіз сынақ болды. Ғаламдық дағдарыс кезінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы барлық мүше мемлекеттермен белсенді қарым-қатынас жасады. Ұйым өзінің біліктілігімен, бастамашылдығымен, мол тәжірибесімен дамушы және дамыған елдердің індетке қарсы күресіне басшылық етті», – деді Мемлекет басшысы.
Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев алғашқы медициналық-санитарлық көмектің маңыздылығына, атап айтқанда, 2018 жылғы Астана декларациясын ілгерілетуге назар аударды.