Қазақстан 2025 жылға қарай шикізаттық емес тауарлар экспортын $ 41,5 млрд жеткізуге ниетті

Қазақстан 2025 жылға қарай шикізаттық емес тауарлар экспортын $ 41,5 млрд жеткізуге ниетті

Қазақстан 2025 жылға қарай шикізаттық емес тауарлар экспортының көлемін  41,5 млрд долларға жеткізуге ниетті. Оның басым бөлігі, яғни жалпы құны 29 млрд доллардан асатын өнімдердің үлесінде, өзгесі отандық қызмет түрлеріне тиесілі болады деп күтілуде. Бұған еліміздегі жаңа ұлттық даму институты – экспорттық несие агенттігінің құрылуы ықпал етпек. Жаңа құрылымға ерекше құқықтық мәртебе беріледі. Онда мемлекеттің 100% қатысуы қарастырылған. Дегенмен, барлық қаржылық құралдар бюджеттік және жеке капитал есебінен жүзеге асырылады. Бұл жөнінде заң жобасын әріптестеріне ұсынған сенатор - Серік Шайдаров мәлімдеді. Жоғары Палата депутаттары құжатты бірінші оқылымда мақұлдады. Құпталған түзетулер жоғары технологиялық өңделген тауарлар шығарып, оларды сырт елдерге жіберетін барлық отандық компанияларды қамтиды. Яғни өзгерістер шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау шараларын кеңейтпек. Сәйкесінше, жақын арада бюджетке түсетін салықтардың артуы және жаңа жұмыс орындарының ашылады. Спикер заң жобасында көзделген осы және өзгеде басымдықтардың маңызына тоқталды.  

Серік Шайдаров, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
-
Экспорттық кредиттік агенттіктің басты жаңашылдықтары -ол ең бірінші кезекте сала қызметін заңнамалық негізде  жетілдіруге бағытталған. Мәселен, бұрындары Қазақ Экспорт сақтандыру және қайта сақтандырумен айналысты. Ал бұл агенттік оған қоса кепілдендіру және қаржыландыр қызметтерін атқаратын болады. Бұған қоса жаңадан өзге де тетіктер ендіріледі. Экспорттық мәмілелер мен келісімдер және өндіруші субъектілердің индустриялық-инновациялық қызметі бойынша шығындарды өтеу, ең бастысы - осы операциялар бойынша экспорт алдындағы және экспорттық сауданы қаржыландыру үшін шартты жарналар жүзеге асырылатын болады. Агенттік азаматтық кодекс және сауда қызметін реттеу заңнамасының негізінде жұмыс істейді.