Ақордада Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрлан Ермекбаевпен кездесуде Қазақстан Шанхай ынтымақтастық
ұйымы аясында ұсынған басты бастамаларын іске асыру жолдарын қарады. Мемлекет
басшысы мен халықаралық ұйымның бас хатшысы өзара ықпалдастықты одан әрі дамыту
перспективасын талқылады. Президенттің айтуынша, Қазақстан бірегей құрылымның
тиімді әрі теңгерімді халықаралық ұйым ретіндегі рөлін нығайтуға баса мән
береді. Бұл қазіргі әлемдік саясаттағы сын-қатерлерге жедел үн қатуға ықпал
етеді. Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдың Шанхай ынтымақтастық ұйымына төрағалығын
жоғары бағалап, оның тетіктерін жетілдіруге қолдау көрсететінін айтты.

