Қ.Тоқаев Қытай мен Вьетнамға құттықтау жеделхаттарын жолдады

Қ.Тоқаев Қытай мен Вьетнамға құттықтау жеделхаттарын жолдады

Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасы мен Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысына құттықтау жеделхаттарын жолдады. Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпин мен То Ламды Ай күнтізбесі бойынша Жаңа жылмен құттықтады. Қазақстан Президенті екі ел халқына татулық пен бақ-береке тіледі. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы республикамыз мен Аспан асты елінің жан-жақты стратегиялық серіктестігі нығайып келе жатқанын атап өтті. То Ламға жолдаған жеделхатында ол Қазақстан Вьетнамды Оңтүстік-Шығыс Азиядағы маңызды серіктес ретінде қарастыратынын атап өтті.

Авторы: Әсел Күшенғалиева

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?