Digital Bridge нетворкинг пен инновация алаңына айналды

Үкімет азаматтар үшін ашық әрі қолжетімді болады. Бүгінде 13,5 млн қазақстандық Егов. Кз электронды порталын қолданады. Осылайша, бұл қызмет түрі қазақстан халқының 70% қамтиды. Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметінше де, Қазақстан онлайн-қызмет көрсету бойынша, ең дамыған елдердің қатарына кіреді. Ол рейтинг бойынша, тіпті үздік ондық қатарынан да көрінді. Мемлекеттің инновациялық технологиялар саласындағы жетістіктері Диджитал Бридж форумында таныстырылды. Отандық компаниялар екінші күн қатарынан цифрлық инновацияларды паш етуде.

Ростислав Коняшкин,  «Ұлттық инновациялық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы:
-
Қазір біз белсенді мемлекеттік қызмет көрсетуге ден қойып отырмыз. Адамға ештеңе істеудің қажеті жоқ, оған хабарлама келген кезде, ол бар болғаны: «Иа, мен осы қызметті алғым келеді»,- деген батырманы басса болғаны. Мемлекеттік деректер қорындағы ақпаратты интеграциялаудан кейін, осы уақытқа дейін болған мәліметтерді көрсетудің қажеттілігі болмайды. Оның ішінде, медициналық мекемелер мен еңбек пен азаматтарды қорғау органдарының мәліметін айта аламыз.

Айта кетейік, технологиялық форум алаңы ең озық сандық технологиялар және инновациялармен танысу ғана емес, әріптестік байланыс орнатуға да мүмкіндік береді.

Виктор Купцов, форумға қатысушы:
-
Қалталарым визиткаларға толды. Бұл шара мен үшін табысты болғанының көрсеткіші. Әлі бәрін аралап үлгеруім керек. Бұл жерде әлеуетті әріптестер табуыма мүмкіндігім мол. Осындай игі шаралардың көп болғаны жақсы. Жиналған алаңның өзі керемет. Сол үшін ұйымдастырушыларға  алғысымды білдіремін. Бұл Қазақстан, жалпы елде индустрияның дамуына тың серпін береді.

Тағы бір атап өтер жайт, Диджитал Бридж аясында елдегі цифрландыру ісінің бұдан арғы дамуы да сөз болды. Алдағы жарты жыл ішінде, 2 мың ауылдағы мектептер SpaceX компаниясының технологиялары қолданылған Starlink ғаламтор желісімен қамтылады. Ал 5 G ғаламтор стандарттары мерзімінен бұрын – 2025-і жылы енгізілмек.