Цифрландыру автожолдардың өткізу қабілетін 20% арттырады

Цифрландыру автожолдардың өткізу қабілетін 20% арттырады

Қазақстанда цифрландыру көлік саласын дамытудың негізгі факторына айналмақ. 10 айдың қорытындысы бойынша Көлік қызметтерінің көлемі 20%-ке өсті, ал транзиттік тасымалдар 29 млн тоннадан асты. Бұл мәлімет Үкіметте айтылды. Көлік министрлігінің дерегі бойынша, авиация және теміржолда электрондық платформаларды енгізу жүк жөнелтуді жеделдетеді және үрдістің ашықтығын қамтамасыз етеді. Осылайша, авиация саласы e-Freight стандартына көшу арқылы жүк тасымалын оңтайландырып, импорт пен экспорт рәсімдеуді толық автоматтандыруға жағдай жасады. Теміржолда digital Trade Corridor жүйесі енгізіліп, декларациялаудың «бірыңғай терезесі» жетілдірілмек. Wabtec цифрлы шешімі жылжымалы құрамды қашықтықтан бақылауға және тасымал диагностикасы уақытын қысқартуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, қазан айынан бастап SMART cargo платформасы іске қосылды, ол мемлекеттік органдар қызметтерін біріктіріп, жүкті «бір терезе» қағдасымен бақылайды, әрі құжат рәсімдеуді жасанды интеллект көмегімен атқарады. Еліміздің автожолдарында цифрлық паспорт, сандық үлгідегі рұқсат құжаттары енгізіліп, шекарадан өтуді оңтайландырды. Қазақстандық автотасымалдаушылар логистиканың жылдамдығы мен тұрақтылығын электронды сервистер арқылы қамтамасыз етіп отырған 42 мемлекетпен байланыс орнатқан.

Нұрлан Сауранбаев, ҚР Көлік министрі:

- Өткен жылы Қытай және Өзбекстан елдерімен қағаз түріндегі шетелдік рұқсат бланктері электрондық форматқа ауыстырылды.Салаларды цифрлық трансформациялау нәтижесі автожолдардың өткізу қабілетін 20% арттырады. Өткізу пункттерінен автокөлікпен өту мерзімдері шамамен 10 минутты құрайтын болады. Жасанды интеллект технологиясын енгізу арқылы пойыздарды құру және жоспарлау уақытын 6 есеге төмендетеді. Әуежайларда жүктерді өңдеуді 1 сағатқа дейін қысқартады. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?