Қазақстандық бітімгерлер миссияларды орындауға дайын. Біріккен Ұлттар Ұйымының сарапшылары осындай баға берді. Олар елімізге әскерилердің әзірлік деңгейін жан-жақты бақылау үшін арнайы келді. Инспекторлар бір апта ішінде материалдық-техникалық базаны ғана емес, әскерилердің дайындық деңгейін де тексерді.
Бауыржан Нығметуллин, ҚР Қорғаныс
министрлігі бітімгерлік дайындық курсының бастығы:
-Біріккен Ұлттар Ұйымының барлық
құрылымдарымен онлайн-кездесу де өткіздік. Гендерлік мәселелер, адам құқығы,
халықаралық-гуманитарлық құқық және тәртіп және құқық қорғау мәселелері бойынша
әскерилердің білімін де тексерді.
Біріккен Ұлттар Ұйымының инспекторлары «Бітімгер» оқу орталығының базасында әскерилердің бітімгерлік базаны қорғаудағы ауызбіршілігін, блок-бекеттер құрудағы, қауіпсіздікті бақылаудағы және алғашқы медициналық көмек көрсетудегі іс-қимылдарын бақылады. Сонымен қатар, жарылғыш зат табылған кездегі әрекеттерді тексерді.
Седрик Паскаль, БҰҰ бітімгерлік
операция департаментінің жоспарлау қызметінің офицері:
-Мен бірінші рет Қазақстанға
келіп, Қазақстан Қорғаныс Министрлігінің Бітімгерлік Операция Орталығын көру
мүмкіндігін алдық. Өте қуаныштымыз. Әскерилердің, офицерлердің және
инструкторлардың даярлық деңгейі өте жоғары екенін атап өткім келеді. Олар,
өздерінің бар уақытын толықтай Біріккен Ұлттар Ұйымы аясындағы операцияларға
дайындыққа жұмсап отыр. Қайтсек те, бейбітшілікті сақтаймыз дейді.
Біріккен Ұлттар ұйымының комиссиясы қазақстандық бітімгершілердің өздігінен миссияларды орындауға дайындық деңгейі туралы соңғы бағасын 2024 жылдың басында береді.