Қазақстан Ауғанстанның қауіпсіздігі мен
тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін гуманитарлық және білім беру салаларындағы бастамаларын
жалғастырады. Бұл туралы Мемлекет басшысының Ауғанстан бойынша Президенттің
арнайы өкілі Еркін Тұқымовпен кездесуінде айтылды. Мемлекет басшысы арнайы
өкілдің ерекше рөлін атап өтіп, Ауғанстанмен, ең алдымен, сауда-экономикалық
және гуманитарлық салалардағы өзара іс-қимылды тиімді жолға қоюға жәрдемдесуді
тапсырды. Президент БҰҰ-ның Алматыдағы Орталық Азия мен Ауғанстанға арналған
орнықты даму мақсаттары жөніндегі өңірлік орталығының мүмкіндіктерін белсенді
пайдаланудың маңыздылығын атап өтті.

