Мәжіліс сыртқы саудаға қатысты заңды қабылдады

Мәжіліс сыртқы саудаға қатысты заңды қабылдады

Қазақстандық кәсіпкерлер үшін Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің нарқына көкөністер мен жемістерді жеткізу үрдісі оңтайлана түспек. Бірыңғай кеңістік аясында өнім тасымалдауға қажетті барлық құжаттар енді электронды форматта рәсімдейді. Осының арқасында отандық экспорттаушылар көршілес мемлекеттерде бірқатар негізсіз тексерулерден арылады. Олардың қатарында  фитосанитариялық сертификаттар мен мемлекеттік тіркеу туралы куәландыру бар. Сондай-ақ «өнімнің шыққан жерінен дүкен сөрелеріне» дейін сандық қадағалау тетігі іске қосу көзделген. Әрбір өнімді таңбалау ұлттық ақпараттық жүйелер арқылы жүзеге аспақ. Мәжіліс осы және өзгеде өзгерістер көзделген Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты қабылдап, Сенат қарауына жіберді.  Құжатты төменгі палата мүшелеріне сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев таныстырды. Оның айтуынша, жаңа келісімге барлығы 106 түзету енген. Хаттамада техникалық реттеу, макроэкономикалық саясат, көлік, жанама салықтар  салу, және сыртқы сауда саясатына қатысты басымдықтар қамтылған. Құжатта осы бағыттарда бірқатар кешенді шараларды іске асыру жоспарланған.

Арман Шаққалиев, ҚР Сауда және интеграция министрі:
- Демпингке қарсы қайта тергеу механизмі  көзделеді. Демпингке қарсы шаралар арзан импортқа әсер етпесе, қайта тергеп-тексеру жұмыстары көзделетін болады. Сонымен қатар, демпингке қарсы баж көлемін ұлғайту мүмкіндігі қарастырылуда. Бәсекелестік қағидаларын сақтау саласында Комиссия шешімдерін орындамаған жағдайда, айыппұл енгізу көзделеді.