Сенат жылды қорытындылады

Сенат жылды қорытындылады

Қазақстан Сенаты жылды қорытындылады. Жоғары Палата төрағасы биылғы заңнамалық жұмыстың нәтижесіне тоқталды. 2024-ші жылы Парламент бас-аяғы 104 заң қабылдады. Мәулен Әшімбаев құпталған құжаттар Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыруға, сондай-ақ еліміздің саяси және орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге, халықтың осал топтарын қорғау және басқа да маңызды міндеттерді іске асыруға арналғанын  тілге тиек етті. Түрлі мәселелер бойынша Үкіметке 180-ге жуық депутаттық сауал жолдаданған. Палата спикері 2025-ші жылға арналған міндеттерді де белгілеп берді. Олар сенаторлардың заңнамалық жұмысын одан әрі күшейтуді және өңірлермен өзара іс-қимылды жандандыруды көздейді. 

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті сенатының төрағасы: 

- Ертеңнен бастап сіздердің  өңірлерге сапарларыңыз басталады. Сапар кезінде тұрғындарды алаңдатқан өзекті мәселелерге баса мән беруіміз керек. Халыққа қабылданған заңдардың маңызын да кеңінен түсіндірген жөн. Сондай-ақ келесі жылы Сенат Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес әзірленген жаңа Бюджет, Салық, Су, Құрылыс кодекстерін қарайтын болады. 

Авторы: Жеңіс Ермұқанов. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?