Қазақстан Еуропалық одақ үшін маңызды серіктес. Бұл
туралы одақтың санкциялар жөніндегі арнайы өкілі Дэвид О'Салливан мәлімдеді. Ол
визалық режимді жеңілдетуге, өзге де бағыттарда Астанамен ынтымақтастықты
тереңдетуге дайын екенін атап өтті. Жоғары деңгейдегі қонақ алда көп жұмыс
күтіп тұрғанын, алайда Қазақстан мен Еуропалық одақтың серіктестігі сапалы жаңа
деңгейге көтерілетіні анық екенін атап өтті. Сонымен қатар, ЕО - еліміздің ірі
сауда серіктесі. Екіжақты тауар айналымы жыл сайын 45 млрд еуро - бұл шекті
деңгей емес, деді Дэвид О'Салливан.
Дэвид О'Салливан, ЕО Санкцияларын іске асыру жөніндегі халықаралық арнайы елші:
- Менің сапарым Қазақстан Үкіметімен диалог шеңберінде
ұйымдастырылған. Экономикадан бөлек санкцияларды айналып өтудің алдын алу
талқыланды. Бұл жерде, қару-жарақ жасау үшін пайдаланылуы мүмкін компоненттері
бар тауарлар сөз болып отыр. Сондай-ақ, біз, қаржы жүйелеріне байланысты
мәселелерді талқыладық. Әрине, жұмыс ешқашан аяқталмайды - бізді әлі де көп
жұмыс күтіп тұр. Қазақстанның Еуроодақпен ынтымақтастығы жаңа деңгейге
көтерілетінін сеніммен айта аламын.

