Голан жоталарында Қазақстанның мемлекеттік туы көтерілді

Голан төбесіндегі Фауар бітімгерлік базасында салтанатты түрде Қазақстанның туы көтерілді. Естеріңізге сала кетсек, БҰҰ миссиясының мандатына сәйкес 139 қазақстандық қарсы тараптар арасында атысты тоқтату режимін сақтауға атсалысады. Бітімгерлер жауапкершілік аймағында патрульдеу, блок-бекеттерін күзету және жарылыс қаупі бар заттарды тазарту жөніндегі міндеттерді орындайды. Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымының бітімгерлік миссиясын өз бетінше орындауға мандат алуы – ел әскери қызметшілері дайындығының жоғары деңгейін және әлемдік аренадағы беделін мойындаудың дәлелі.

 

Жігер Аипов, ұлттық бітімгерлік контингент командирі:

– Бүгін ҚР Қарулы Күштерінің құрылуына 32 жыл болуына орай, Сирия,  Араб Республикасындағы Голан жотасында Қазақстан Ұлттық бітімгерлік контингенті мемлекеттік туды миссия орындалып жатқан жерде көтеру рәсімін жүргізді. Бұл еліміз үшін тарихи сәт, әрі жеке құрам үшін үлкен жауапкершілік.