Жаңа Конституция Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын арттырады

Жаңа Конституция Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын арттырады

Қазақстанда инвестициялық тартымдылықтың оң динамикасы байқалады. Үкімет деректері бойынша, негізгі капиталға салымдар бір жылда 13%-ке өсіп, 22 жарым триллион теңгеден асты. Сарапшылар инвесторлардың мүддесін қорғау тетіктерінің нығаюын институционалдық реформалармен, соның ішінде елімізде жаңа Конституцияның қабылдануымен байланыстырады. Құжат инвесторлардың құқықтарын қорғау кепілдіктерін күшейтіп қана қоймай, әділ сот төрелігіне қол жеткізуді қамтамасыз етеді, сондай-ақ бизнесті жүргізу үшін неғұрлым ашық және болжамды жағдай қалыптастырады, деп атап өтті «Астана» халықаралық қаржы орталығы мен халықаралық төрелік орталығының Сот тіркеушісі және аппарат басшысы Кристофер Кэмпбелл-Холт. Бұған қоса, Негізгі заң дамудың ұзақ мерзімді бағдарларын белгілейді және халықаралық іскерлік қоғамдастық сенімін арттырады. Ал бұл азаматтардың өмір сапасына тікелей әсер етеді - жаңа өнеркәсіп нысандары, жұмыс орындары ашылып, инфрақұрылым мен технологиялар дамуда. Мұндай өзгеріс әлемнің озық тәжірибесіне сай келеді, деді Кристофер Кэмпбелл-Холт. Атап айтқанда, Англияда және басқа да бірқатар елдерде нақ осы құқықтық институттар мен ережелер тұрақты инвестициялық климаттың негізін қалаған.


Кристофер Кэмпбелл-Холт Ове, «Астана» Халықаралық қаржы орталығы және Халықаралық төрелік орталығының тіркеушісі және аппарат басшысы:

- Қазақстанның жаңа Конституциясы инвесторлардың сенімін арттырады. Ол оларға елде бизнес жүргізу қауіпсіз екеніне кепілдік береді. Кәсіпкерлер мұнда үздіксіз келе береді, себебі жағдай бұрынғыдан да қолайлы бола түсті. Конституцияны іске асыру үшін қабылданатын болашақ заңдар мен нормативтік актілердің маңызы ерек. Бұл сындарлы даму жолы және оны тек құптауға болады.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?