Қазақстанда Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің бастамасымен
заңнамаға 120 түзету енгізілді. Президент Қасым-Жомарт
Тоқаевқа Динара Зәкиева атқарылған жұмыстар туралы мәлімет
берді. Биыл 13 өңірдегі ахуалға бақылау
жүргізіліп, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мен
балалар құқығын қорғау бойынша ашылған 112
отбасылық қолдау орталығының тиімді жұмыс істеп жатқаны белгілі болды. Президент бала құқықтарын қорғауға
кепілдік беру жүйесін нығайтып, мектептердегі
инклюзивті білім беруді дамытуды
көздейтін қосымша шаралар қабылдауды тапсырды.
Президент Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасын қабылдады
Мемлекет басшысы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаевты
да қабылдады. Президентке ведомствоның жыл басынан бері атқарған жұмысы жөнінде
есеп берілді. Терроризмге қарсы орталықтың кезекті отырысы өткендігі айтылды. Экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимылдың
мемлекеттік жүйесін дамытуға арналған кешенді жоспарды жүзеге асыру барысы
қаралды. Президент ұлттық қауіпсіздік органдары
қызметінің бағыттары бойынша бірқатар тапсырма берді.

