Бұл - қазақты әлем жұртына мәшһүр еткен бүркітші қыз
Айшолпан жайлы фильмнен үзінді. Америкалық режиссер Отто Белл түсірген
кинотуынды әлемнің 30 елінде көрсетілген. Осы фильмнен кейін бүркітші қыздың
өмірі адам танымастай өзгерді. Нью-Йоркте Айшолпан «Азияның батыр қызы» деген
марапатқа ие болды. Әлем таныған бүркітші қыз енді Түркістанның туризмін
дамытуға үлес қоспақ.
Айшолпан Нұрғайып, құсбегі:
- «Кішкентай кезімнен, дүниеге келгеннен бастап, бүркітті
көріп өстім, қызықтым. Ағам бүркітші болды. Ол кісі әскерге кеткен соң бүркітін
маған қалдырып кетті. Сегіз жасымнан бастап құсбегілікпен айналыстым. Кином
арқылы әлемнің 32 мемлекетінде болдым».
Әлемге танымал құсбегі қыздың арманы - ұлттық
болмысымызбен біте қайнасқан құндылықтарды дамыту. Түркістанға келу себебі де
осы. Қазір ол этноауыл кешенінде арнайы музей ашып, құсбегілік өнерді
дәріптемек.
Баян Керімбекова, Айшолпанның ұстазы:
- «Тауда жүрген адам ол биік болады Айшолпанның ерекшелігі - оның жаны тап-таза. Мен ойлаймын, табиғатпен етене жүрген адам ғой. Айшолпанның басқа қыздардан айырмашылығы тап-таза, мөп-мөлдір табиғаттың өзі сияқты».
Айшолпан Нұрғайып өткен жылы отбасымен атажұрты
Қазақстанға қоныс аударып, «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша білім
алған. Қазір құсбегілікпен ұстаздық қызметті де қатар алып жүр.

