Алматыда ашық аспан астындағы әскери мұражай ашылады

Алматыда ашық аспан астындағы әскери мұражай ашылады

Алматыда Жеңістің 80 жылдығына орай жауынгерлік техникалардың ашық аспан астындағы мұражайы ашылады. Қорғаныс министрі жаңа нысанның құрылыс басында болып, әзірлігін тексерді. Руслан Жақсылықов пен депутаттар көрме алаңын аралап, онда қойылған әскери техникаларды көрді. Мұнда Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қару-жарақтың 30-ға жуық үлгісі қойылған. Ең құнды экспонаттардың қатарында 1931 жылғы 152 миллиметрлік гаубица бар. Мұражай 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағындағы мемориалдық кешеннің бір бөлігі болады. Ол армия үйінің аумағында орналасқан.


Алуа Байқадамова, Ұлттық әскери-патриоттық орталығының Алматы филиалы бастығының орынбасары:


- Біз бұл мерекеге ерекше дайындалып жатырмыз. Қазірдің өзінде ашық аспан астындағы жаңа мұражайға жауынгерлік техникаларды қойып үлгердік. Жеңістің 80 жылдығына орай жасап жатқан экспозиция көптің қызығушылығын тудырады деген сенімдіміз.


Руслан Жангулин, ҚР Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі:


- Оның аумағында, яғни, сол 40-шы жылдары соғысқа қатысқан техникалар да осы жерге орналастырылып жатыр. Қазіргі кезекте біз енді толықтай аумақты көгалдандыру жұмыстарын жүргізіп, бұл Армия үйін қаланың, жалпы шаһар қонақтары келіп, осы жерде тынығып, саяхаттау орнына айналдырып отырмыз.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?