Астанада алғашқы азиялық «Silk
Way Star» вокалдық байқауы басталады. Музыкалық шоу - Қазақстан Президенті
телерадиокешені мен Қытай медиакорпорациясының бірлескен жобасы. 12 елден – атап
айтқанда, Қазақстан, Қытай, Әзербайжан, Армения, Грузия, Малайзия, Қырғызстан,
Моңғолия, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан және Оңтүстік Кореядан
орындаушылар бір сахнада бас қосады деп күтілуде. Түсірілім 20 тамызда
басталады, ал гранд-финал 22 қарашада «Jibek Joly/Silk Way» телеарнасының және
байқауға қатысушы елдердің жетекші арналарының тікелей эфирінде көрсетіледі.
Жоба аудиториясы бір миллиардтан астам көрерменді құрайды. Оларды бірегей
дуэттер, ұлттық хиттердің орындалуы, кросс-мәдени коллаборациялар күтеді.
Қазылар алқасының құрамы Қытай мен Орталық Азия елдерінен белгілі әртістер мен
продюсерлерден жасақталады. Телешоу қазақ, қытай және ағылшын тілдерінде
көрсетіледі. Жалпы, байқау мәдени байланыстарды нығайтып, әлемдік музыка
индустриясында жаңа есімдер ашуға бағытталған.
Еркежан Күнтуған, «Jibek Joly / Silk Way» телеарнасының басқарушы директоры:
- Біздің арна
үшін және жалпы Қазақстан үшін бұл ауқымды алғашқы жоба. Оны өзіміздің
қазақстандық мамандар, музыкалық продюсерлер мен музыкалық редакторлар әзірледі. Біз жобаны құрған кезде - шетелдік тәжірибені сараладық.
Eurovision, Turkvision байқауларының үздік
үлгілерін ескеруге тырыстық. Айырмашылығы, біздің қазылар алқасының
студияда болуында, олар әр әртістің өнерін тікелей бағалай алады. Он бағдарлама
бойынша қазылар алқасы 1 эпизодтан финалға дейін әртістің өзін қаншалықты
ашқанын немесе оның қаншалықты талантты екенін бағалай алады.
Ақтық сында жеңімпаз қазылар
алқасының 50 және көрермендердің 50% жиынтық балы арқылы анықталады. Ел отандық
эстрада жұлдызы Батырхан Мәліков қорғайды. Ол заманауи музыкада өз қолтаңбасын қалыптастырып
үлгерген, көпшіліктің сүйікті әншісі.
Батырхан Мәліков, әнші, Қазақстан:
– Бұл мен үшіе үлкен мәртебе біздің жалауды әлемдік
аренада желбіретіп көтеру. Осы мүмкіндік үшін көп рахмет. Әрине, мен жобада өзімнің барымды салып тырысамын біздің
мүдені қорғауға.

